ІШКІ КӨШІ-ҚОНДЫ ЫНТАЛАНДЫРУДЫҢ ЖАҢА ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛДІ
Среда, 14 Декабрь 2022 05:11 Автор Тағабай ҚАСЫМ
Елімізде көші-қон саясатын жетілдіру, адам құқықтарын қорғау өзекті мәселелердің бірі саналады. Нарықтық экономикада адами капиталды дамыту, еңбек ресурстары күшін пайдалану, мигранттар арқылы өндірісті дамыту жаңа міндеттер жүктеді. Жуырда Шымкент қаласында Көші-қон жөніндегі жаһандық шарттың жұмысын жандандыру, БҰҰ Көші-қон желісінің елімізде сапалы жұмыс істеуін қамтамасыз ету…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» байқауларының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсіміне қатысты. Дәстүрлі байқауда «Бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасаған үздік өңір» санаты бойынша арнайы сыйлық Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновке тапсырылды. Бұдан бөлек, Шымкент қаласының қос бірдей кәсіпорны, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС – «Экологияға қосқан…
«Еңбек адамы» жобасының бүгінгі кейіпкері Ерсайын Дөненбай Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен «Еңбек жолы» дәстүрлі байқауында «Өндірістің үздік жас маманы» номинациясы бойынша 3-орын иегері атанды. Ол – білімді ұрпақ тәрбиелеп, еліміздің дамуына сүбелі үлес қоссам деп жүрген жас ұстаз.
Шымкентте демалыс күндері басталған жауын-шашын қарға ұласып, қыс қаһарына мінді. Шаһардағы коммуналды қызметтер арнайы техникалардың көмегімен көше бойы мен жаяу жүргіншілер жолдарын қардан тазалауға кірісіп кетті. Қазіргі таңда қаладағы жолдарды тазалауға әр аудан әкімдігі жауапты. Мамандардың айтуынша, тиісті жұмыстар тұрақты атқарылуда.
Шымкентке соңғы 10 айда 403 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 18 пайызға өскен көрсеткіш.
Шымкенттегі «Тұран» шағынауданында бой көтерген 41 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы шаһар басшысы М.Әйтеновтің тікелей бақылауында. Ол бұған дейін мерзімінен кешіктірген компания өкілдеріне айыппұл салынып, қадағалау күшейтілетінін айтқан. Бірқатар ескертпелер берілген болатын.
Соңғы күндері БАҚ беттерінде, әлеуметтік желілерде қалалық коммуналдық кәсіпорындарды жекешелендіру мәселесіне қатысты ақпараттар көбейді. Осыған байланысты Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласы қаржы басқармасының басшысы Руслан Бақтыбаев баяндама жасады.
Шымкент қаласында 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы бойынша кезекті құжаттарды қабылдау 2022 жылдың 01-05 желтоқсан аралығында жүргізілді. Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Утебаева хабарлады.
Шымкент қаласы әкімдігінің жобалық кеңсесі Qazaqstan Project Management Awards -2022 конкурсының «Күміс жүлдесін» иеленді.
Шымкент қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту» орталығы еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды оқытуды 3 бағыт бойынша жүргізіп келеді.