Үшінші мегаполисте кезекті ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып отыр. Қазақстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы Президенттерінің қатысуымен өткен тікелей телекөпір барысында «Тассай» индустриалды аймағында жобалық құны 2,5 млрд теңгені құрайтын «DentaFill Kazahstan» дайын дәрілік заттар өндіру зауыты іске қосылды. Телекөпір барысын Ташкент қаласында ресми сапарында тамашалаған…
Шымкент қаласында «Балалар жылын» өткізуге байланысты қала әкімімен 7 бағыт бойынша 84 іс-шара жоспарланып, оны жүзеге асыруға 44,6 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингінде қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева баяндап, балалар жылын қорытындылады.
Жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс жиырма төртінші сессиясы өтті. Сессияға Шымкент қаласы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Мақсұт Исахов қатысты.
Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының және тексеру обьектісі болып табылатын Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы және оған бағынысты мекемелердің тексеру қорытындысы бойынша «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды.
Шымкент үздіктер қатарында. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада «Алтын сапа» мен «Парыз» байқауларының жеңімпаздарын марапаттап, «Бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасаған үздік өңір» аталымы Шымкент қаласының еншісіне бұйырған болатын. Ал, мегаполистегі «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і «Экологияға қосқан үлесі үшін» «Парыз» сыйлығының алтын жүлдесімен марапатталды.
Өз кәсібін сүю, оны жан- тәнімен сезініп, үдесінен шығу үлкен қажырлықты талап етеді. Бүгінгі кейіпкеріміз «Еңбек жолы» байқауының жеңімпазы – Исабаев Фаиль Александрович сондай жандардың бірі. «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясының иегері туралы әңгіме өрбітсек.
Тәуелсіздік күніне орай Шымкентте «Үздік жастар – 2022» премиясының иегерлері марапатталды. Бұл сыйлық Шымкент қаласының дамуына үлес қосып жүрген түрлі саладағы жас мамандарды ынталандырып, олардың жеткен жетістіктерін замандастарына үлгі ету мақсатында беріліп, жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.
Шымкентте Хорватияның Түркістан облысы және Шымкент қалаларындағы Құрметті консулдығы Желтоқсан, 85 мекенжайында ашылды.
Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов Қаратау ауданы тұрғындарымен кездесіп, бірқатар мәселенің түйінін тарқатты. Кездесу барысында әлеуметтік және экономикалық маңызы бар 125 сұрақ көтеріліп, олардың шешім жолдары талқыланды.
Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2022 жылға арналған тізбесіне сәйкес, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар саясатын жүзеге асыруға бөлінген қаражаттың пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу аудиторлық іс-шарасы қорытындыланды.