Шымкенттің көрсеткіші Орта Азияның ірі қалаларынан жоғары
Среда, 28 Ноябрь 2018 05:26 Автор Нұрлан БЕКТАЕВ
Жан басына шаққан кезде жалпы өңірлік өнім Шымкентте 5,5 мың АҚШ долларын құрады. Осы көрсеткіш бойынша Шымкент қаласы Ташкент, Бішкек және Душанбе секілді қалалардан алда келеді. Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн режимде өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов осылай деп мәлімдеді.
Алматы мен Астана қаласында сынақтан өткен балалар ойын алаңшасы Шымкент шаһарында да қолданыла бастады. Қазірдің өзінде қала орталығындағы 22 аула біркелкі, соңғы үлгідегі ойын алаңшаларымен жасақталды.
Оңтүстіккореялық компания Шымкент шаһарының 6 гектар ауданында үйлер салатын болды. Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Сеулге жасаған сапары барысында осындай келісімге қол жеткізді. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс 41-сессиясында қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы есеп берді.
Шымкентте «Халықтық заңгер» жалпыреспубликалық акциясы өтеді
Вторник, 27 Ноябрь 2018 07:09 Автор Редакция
Ағымдағы жылдың 30 қараша күні сағат 17.00-де ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Халықтық заңгер» жалпыреспубликалық акциясы өтеді.
Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына!
Пятница, 23 Ноябрь 2018 05:00 Автор Редакция
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Сіздерді алтыншы шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс қырық бірінші сессиясы 2018 жылдың 26 қарашасында сағат 16:00-де қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында, Шымкент қаласы, Астана даңғылы, 10 мекенжайында өтетіні туралы…
Биылғы қыста мегаполис көшелерін қардан тазалауға 1000-ға жуық адам жұмылдырылады. Сонымен бірге 135 техника жолдағы қарды күреуге дайын.
Абай ауданында ойын алаңшалары көбейіп келеді. Аудан әкімдігі тарапынан 15 спорт алаңшасын салуға жобалық-сметалық құжат дайындалып, бүгінге дейін 3 спорт алаңшасын салуға бюджеттен қаржы бөлінген.
Шымкентте биыл жетінші рет ұйымдастырылған «Таза қала» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Жыл басында байқауға қатысу үшін қаладағы 4 ауданнан 517 үміткер өтініш білдірсе, оның 345-і «Үздік аула», ал 174-сі «Үздік көше» номинациясы бойынша сынға түсті.
Шымкентте жуырда «7-20-25» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының іске асу барысы туралы мәжіліс өтті. Жиынға «Нұр Отан» партиясы қоғамдық кеңесінің және қала әкімдігінің тұрғын үй бойынша жауапты мамандары, банктердің өкілдері қатысты.