Еңбекші ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы, жол, инфрақұрылым, абаттандыру жұмыстары жоспарға сай атқарылуда. Өткен жылы бесінші ауданның құрылуына байланысты Еңбекші ауданында біршама өзгерістер орын алды. Мәселен, Еңбекшіге Қаратау ауданынан Исфиджап, Орманшы, Достық тұрғын алаптары мен Азат шағынауданы қосылды. Өткен жылы атқарылған негізгі жұмыстар және алдағы жоспарымен аудан…
Отыз жасында «Алтын алқалы» ана атанып, отбасының берекесін арттырып отырған жас келіншектер некен саяқ. Ал, біздің бүгінгі кейіпкеріміз Гүлбану Таласбаева — бала тәрбиесі мен тұрмыстың тіршілігін ұршықтай иіріп отырған алтын құрсақты ана.
Отбасы құндылығы – баға жетпес байлық. Осы құндылықтың, тәрбиенің бастауы ақ жаулықты анадан, инабатты келіннен бастау алады десек артық айтпағандық болар. Шымкент қаласының ардагерлер кеңесі ұрпақтар сабақтастығын жалғау, оны өскелең ұрпаққа дәріптеу ниетінде әрі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында «Ардақтайық, аялайық Ананы» атты…
«Қыздың қырық шырағы бар» демекші, әйел адам – қанша жерден нәзік болғанымен, іштей өте батыл және төзімді, айналасын нұрға бөлейтін күшке ие жаратылыс.
Шымкент қаласында SEN 1-ші қазақстандық жас әйелдер форумы өтті. Қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған форумға Шымкент қаласының іскер әйелдері қатысты. Форумның мақсаты – жас әйелдерді, қыз-келіншектерді өмірде табысқа жетуге ұмтылдыру.
Әз-Наурыз мерекесі Шымкенттен бастау алады. Биыл наурызнама дәстүрі заманауи үлгіде жаңартылып, он күн түрлі атаумен мерекеленеді. Әр күн өзіндік сипаты, өзіндік ерекшеліктермен ұйымдастырылмақ. Ақ кимешек киетін 500 ана хоры орындап, түрлі жәрмеңкелер, қыз ұзату көші дәстүрімізді жаңғыртып, келушілердің көңілінен шығары хақ.

ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ШЫМКЕНТТЕ

Пятница, 03 Март 2023 04:37 Автор
ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келіп, жоғарғы оқу орындары мен мектептерді аралады. Министр алдымен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің материалдық-техникалық базасымен танысты.
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Шымкент қаласына іссапармен келді. Министр алдымен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында қала тұрғындары және бизнес қауымдастықпен кездесті. Серік Мақашұлы бұған дейінгі кездесулерде көтерілген өзекті мәселелердің шешімін тапқанына жан-жақты тоқталып, кәсіпкерлердің сауалдарына жауап берді.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №1 өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығында 70 бала тәрбиеленіп отыр. Іргетасы 1957 жылы қаланған ұйымда тәрбиеленушілердің жан-жақты сапалы білім мен тәрбие алуына жағдай жасалған.
Абай ауданының аумағына 2014 жылы 10 елді мекен қосылды. Салдарынан шаһардағы төрт аудан ішінде аумағы үлкен Абай ауданына қосылған елді мекендерде инфрақұрылым мәселесі қордалана берді. Тұрғындардың талап-тілегі Шымкенттің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді даму жоспары мен қала әкімі Мұрат Әйтеновтің халықпен кездесуінен кейін кезең-кезеңімен шешіле бастады.…