«Ордабасы» жанкүйерлерiн қуантты Избранное

Среда, 20 Апрель 2016 05:36 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 3404 раз

«Ордабасы» футболшыларының талпынысы қуантады-ақ. Бақтияр Байсейітов баптайтын күнгейлік аяқдопшылар кезекті жеңісіне қол жеткізді. Қ. Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионда Алматының «Қайратын» қабылдаған жерлестеріміз 1:0 есебімен жеңіске жетті.

 13006719 500065113519569 691654774559659197 n 12994311 500065130186234 8780705608799003523 n 

ҚР Премьер-лигасының 6 туры аса тартысты өтті деуге негіз бар. Екі команданың ойыншылары да жеңіс үшін еш аянып қалған жоқ. Шиеленісті ойында алты ойыншы ескерту алғаны сөзімізге дәлел.
Ойынның тағдырын жалғыз гол ғана шешті. Филип Касалица (суретте) 54 минутта қарсыластар қақпасын дәл көздеп, есеп ашты. Ойынның соңына дейін нәтиже өзгерген жоқ. Қонақтар сапындағы ресейлік футбол жұлдызы Андрей Аршавин командасын тығырықтан алып шыға алмады.
Осылайша «Ордабасы» 7 мың көрерменнің көз алдында жеңіске жетіп, турнир кестесінің 4-і сатысына жайғасты. Алтыншы турдан кейінгі жалпы жинаған ұпайымыз – 10. Тізімнің басын «Астана» бастап тұр. «Ертіс» екінші, «Оқжетпес» үшінші орында.
Бас бапкер Б. Байсейітов «Шәкірттерім қателіктен қорытынды шығарады» дегенді айтқан. Міне, әзірге жерлестеріміздің ойынында ширақтық бар. Енді ордабасылықтар келесі ойынын 23 сәуір күні сырт алаңда Көкшетаудың «Оқжетпесіне» қарсы өткізеді.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.