Жастар жарқырай көрiндi

Среда, 20 Апрель 2016 08:09 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 5046 раз

Шымкент қалалық №11 шығыс жекпе-жек түрлері спорт мектебінде жас каратэ шеберлері күш сынасты. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған қаланың ашық біріншілігін Еңбекші ауданы әкімі аппараты ұйымдастырды.

sport 1

Елімізде каратэ-до спортына жастардың қызығушылығы артып келеді. Олимпиада ойындарына кіруге үмітті спорттың қатарында екені де көпке белгілі. Биылғы бәсекеде облыстың 70-ке жуық балғын спортшысы бақ сынады.
– Жастар – ел болашағы. Олардың уақытын тиімді өткізу үшін мұндай жарыстар көптеп ұйымдастырылуы тиіс. Осы жас спортшылардың арасынан келешекте әлемді мойындататын саңлақтар шығатынынына сенемін. Әкімдік тарапынан спорт сайыстарын көптеп өткізуге әрекет жасаймыз – деді аудан әкімі Ғалымжан Ильясов жарыстың ашылуында.
Сайысқа Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының орынбасары Намазбай Әбдіқұлов, қалалық мәслихат депутаты Талғат Әмірбекұлы арнайы келіп тамашалады.
Желкілдеген жастардың арасынан Әсел Қанай, Шыңтас Қалхаман, Думан Бабахан, Хизир Рахманоғлы және Наматіллә Сафаров секілді спортшылар шеберліктерімен көзге түсті.
Жарыстың жоғары деңгейде өтуіне демеушілік көрсеткені үшін қалалық мәслихат депутаты Талғат Әмірбекұлына қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің атынан Алғыс хат табыс етілді.

1

Последнее изменение Среда, 20 Апрель 2016 08:56
Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.