Сабина Олимпиадаға барады Избранное

Среда, 27 Апрель 2016 04:52 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 4046 раз

Облыс спортшыларының қоржыны тағы бір жолдамамен толықты. 17 жасар көркем гимнастика шебері Сабина Әшірбава межелі ұпайды иеленіп, Олипиадаға баратындардың қатарына қосылды.
Қазақ көркем гимнастикасының мақтанышы Әлия Юсупованың жеңісті жолының жалғасқаны қуантып отыр.

12985544 10153888526758277 2296331447335927219 nБалауса қыз үмітті ақтады. Бұл – барша Қазақ елі үміттенген жалқы жолдама. 22 сәуір күні Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында аяқталған тестілік турнир осындай қуанышымен есте қалды. 24 гимнастшы қатысқан бәсекеде жерлесіміз көпсайыста 2 орын алды. Алдымызда – 70.749 ұпаймен беларуссиялық Мелитина Станюта ғана. Ал Сабина 68. 966 ұпаймен екінші орынға жайғасты. Үшінші орын – аустриялық Никол Рупрехттың еншісінде. Бұл сында үздік сегіздікке ілінгендердің ғана жолдамаға қолы жетеді. Бір айта кететіні, Риода бақ сынайтын көркем гимнастшылардың арасындағы ең жасы да біздің қыз.
С. Әшірбаева – Шымкенттегі №1 А. С. Пушкин атындағы гуманитарлық-экологиялық мектептің 11 сыныбында оқиды. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 5 жасынан бастап Ольга Смирнованың қарамағында жаттықса, бүгінде ол ҚР ұлттық құрамасының бас бапкері Әлия Юсуповадан тәлім алады.
Осылайша, 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарының қола жүлдегері енді Олимпиада ойындарында бақ сынайды.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.