Наурыз Оңтүстіктен басталады Избранное

Пятница, 20 Март 2015 05:48 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3912 раз

Ұлыстың Ұлы күнін тоғыз күн атап өтуді дәстүрге айналдырған шымкенттіктер кеше «Шаттық күнін» қуанышпен қарсы алды.

DSC 0861Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова №4 перинаталды орталықта болып, Наурыз мейрамы қарсаңында дүниеге келген сәбилер мен олардың аналарын құттықтады.
– Баршаңызға шуақты нұрымен шаттыққа бөлеген, табиғатты түлеткен, Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Аналар мен сәбилердің деніне саулық, ұзақ ғұмыр тілеймін, – деді Г. Құрманбекова.
«Шаттық күні» 25 ана қала әкімдігінің тарапынан сый-сияпатқа ие болды. Солардың бірі –
Динара Жанәлиева үшін бұл күн есте қалатыны анық.
 Наурыз мерекесінде босансам деп армандағаным рас. Перзентімізді отбасымызбен күттік. Міне, Алланың  қалауымен егіз балалы болып, қуанышқа кенеліп жатырмын, – дейді жас ана.  
Ана мен бала денсаулығын сақтау мемлекетіміз дамуының басым бағыттарының бірі екені белгілі. Бүгінге дейін орталықта 4495 нәресте дүниеге келген.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.