Былтыр республика аумағында 2,1 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілген. Ал, Шымкентте өткен жылы пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 70 мың шаршы метрге жетіп, жылдық жоспар асыра орындалған. Пайдалануға берілген тұрғын үй бойынша Шымкент қаласы көш басында тұр. Бұдан бөлек, биыл шымкенттіктерді баспаналы ету мақсатында…
Санаулы күндерден соң елімізде Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың кезектен тыс сайлауы өтеді. Бұл – еліміздің болашақ даму бағытын айқындайтын аса маңызды саяси науқан. Сондықтан әрбір сайлаушы ел тағдырына жауапты екенін сезіне отырып, сайлауға белсенді түрде қатысуы тиіс.
Бұл сайлау – өткен сайлаулардан өзгеше. 19 наурызда өтетін саяси додада Мәжіліс пен мәслихаттар аралас жүйемен жасақталып, 69 депутат партиялық тізім бойынша, 29 депутат бірмандаттық сайлау округы бойынша сайланады. Сондай-ақ, мәслихат депутаттары облыс, ел астанасы мен республикалық маңызы бар қалаларда жартылай партиялық, жартылай можаритарлық жүйе бойынша…
Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысында салынып жатқан жолайрық құрылысының бүгінде 55 пайызы атқарылды.

АЛАЯҚТЫҢ АДЫМЫ ҚЫСҚА

Пятница, 17 Март 2023 05:45 Автор
немесе Пилоттық жобадан не күтеміз? Шымкентте «Алаяқтықтың заманауи түрлерінің алдын алу» атты пилоттық жоба басталды. Жоба аясында қалалық прокуратура, жергілікті құқық қорғау және уәкілетті мемлекеттік органдар бірлесе әрекет етіп, алаяқтықтың алдын алу шараларын қолға алды. Биыл жаңа жылдан басталған пилоттық жобаға қала әкімдігі де қолдау…
Шымкентте 1 наурыздан бастап қоғамдық көліктер «кондукторсыз жүйеге» көшті. Соңғы екі аптада тұрғындарға автобустарда жаңа жүйемен қызмет көрсетіліп жатыр. Жолаушылардың кондукторсыз қызметке бой үйрете алмай жатқаны шындық. Дегенмен арнайы құрылған бақылаушы топтың қызметкерлері автобустарда жаңашылдықты түсіндіріп жатыр.
немесе Шымкентте биыл қайсы жолдар ашылады? «Жол – экономиканың күре тамыры» деген сөзді жиі айтамыз. Расында, жолдардың сапалы болуы көлік қатынасының жақсаруына, тауар айналымының артуына және еңбек ресурстарының мобильді болуына ықпал етеді. Бұл өз кезегінде экономиканың барлық секторларындағы белсенділіктің артуына жол ашатыны түсінікті. Алайда, жол сапасының…
Көрісу күні Шымкентте «Астана» алаңынан басталды. Онда қыстан шыққан жұртшылық бір-бірінен аман-саулық сұрасып, төс қағыстырды.
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қаңтар-ақпан айларындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды. Ел экономикасының жыл басынан бері орнықты өсіп келе жатқанына тоқталған Үкімет басшысы есепті кезеңде барлық негізгі макрокөрсеткіштер бойынша оң динамикаға ие өңірлер арасында Шымкент қаласын атап өтті.

Сұлулық пен ізгілік мерекесі

Четверг, 09 Март 2023 04:50 Автор
Қымбатты ханымдар! Қадірлі ақ жаулықты әжелер, әпке-қарындастар және нәзікжанды арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!Көктемнің шуақты күндері аналарымыз бен аруларымыздың мейрамынан басталады. Сұлулыққа, сезім мен сыйластыққа толы осы күн жан-дүниені жадыратып, жүректерге жылу береді. Ел ертеңіне нәр, тіршілікке әр…