20-шы ғасырдың соңғы тұстары, революция жасайтын сәт... Өзінің таза тілі, ажырамас діні, қайсар да батыл ұлты бар Қазақстан деген мемлекет топ жарып шыққан уақыт. Ел тізгінін ұстаған көшбасшының алғыр саясаты арқасында тәуелсіздік ұғымы пайда болған алтын уақыттар десеңші. Ерекше қабілетімен Елбасымыз мемлекет ретінде аяққа тұруымызға…
Құрыш білекті, тақымы мықты жігіттердің сайысын тамашалауға қашанда асықпыз. Шымкентте қалыптасқан жақсы дәстүр бойынша ұлттық спорт ойындары тағы да төрге озды. Қала күніне арналған сайыс көңілді көтеріп, мықтыларды танытты. Жалпы командалық есепте жеңімпаз атанған – Шымкент қаласының спортшылары. Орталық атшабарда тұлпарлардың тұяғы дүбірледі-ақ. ОҚО ұлттық…
Шымкентке қазақ халқының қаһарман ұлы, даңқты қолбасшы Б.Момышұлының келіні, этнограф, жазушы Зейнеп Ахметова келді. Сәрсенбінің сәтті күнінде түске дейін Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында, түстен кейін облыстық Жастар ресурстық орталығында Оңтүстік жұртшылығының қабырғалы қаламгермен «Ел боламын десең...» атты жүздесу кеші өтті. Қос кездесуде де қазақтың тал…
Ақан серінің азан шақырып қойған есімі – Ақжігіт. Әкесі Қорамса мен анасы Жаңыл бес қыздан кейін зарыға күткен ұлдарын еркелетіп Ақан атап кетіпті. Көкшенің табиғаты көркем, қарағай мен қайың тұтасқан ну орманды жерінде, Қоскөлдің жағасында 1843 жылы дүниеге келген Ақан ақжолтай ұл болып, артынан Мұхамбет,…
Суретші-кескіндемеші, фотосуретші - Бейбіт Бертаев Шардара қаласында қарапайым отбасында дүниеге келген. Балалық шағы Түлкібас ауданының Шақпақ баба елдімекенінде өткен ол оқушы кезінен-ақ тылсым табиғаттың сұлулығын, тау-тастың әсем көрінісін қағаз бетіне өрнектеп, сабақ үстінде мұғалімнің портреттік бейнесін салуға қызықты. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Бейнелеу өнері және…
«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астана қаласында Оңтүстік Қазақстан облысының күндері (29 тамыз бен 3 қыркүйек күндері) басталды. Онда облыстың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мәдениеті мен байлығын паш ететін 43 мәдени көпшілік іс-шарасы елордалықтар мен қала қонақтарының назарына ұсынылатын болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында облыс…
«Айбары асқақ – Ата Заң». Шымкентте осындай атаумен Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, ардагерлер мен қала тұрғындары қатысты. – Конституция – мемлекетіміздің мызғымас алтын қазығы. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары. Кемел келешегіміздің кепілі.…
Күнгейдің киелі жерлері – қылқалам шеберінің кенебінде
Пятница, 25 Август 2017 06:06 Автор Мөлдір КЕНЖЕБАЙ
Облыстық бейнелеу өнері музейінде «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» аясындағы ХХ-шы TURKSOY ұйымына мүше елдер суретшілері пленэрінде салынған жұмыстардың қорытынды көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Пленэрге 9 шет мемлекеттерден, яғни, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Босния-Герцеговина, Украина, Болгария, Молдавия, Башқұрстан, Әзірбайжан елдерінен 15 суретші, ал еліміздің…
ЭКСПО-2017 көрмесі аясында тамыздың 29 жұлдызы мен қыркүйектің 3-і күндері аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының Астанадағы күндері өтеді. Онда елорда тұрғындары оңтүстік өңірдің тарихи-мәдени құндылықтарымен танысып, қазақ тарихында елеулі орын алатын жәдігерлерді тамашалай алады. Көрме барысында қазақтан шыққан тұңғыш кәсіпқой балуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың жеке заттары да…
Еліміз өткен ғасырдың 40-жылдарында кеңестік солақай саясаттың ықпалымен қоныс аударған әртүрлі ұлт өкілдеріне пана болды. Бір ғана тың игеру кезеңінде Қазақстанға КСРО-ның өзге республикаларынан 600 мыңнан астам адам келді. Солардың көпшілігі тұрақтап қалды. Жергілікті ұлтпен ауызбіршілік жағдайында өмір сүріп, бейбіт ғұмыр кешіп келеді. Бұл орайда,…