Наурызнама дәстүрін заманауи үлгіде қайта жаңғыртуға бағытталған мерекелік шаралар өңірімізде «Алас күні» айдарымен бастау алды. Мерекеге орай Шымкентте сенбілік өткізіліп, қала тұрғындарының күшімен 150 магистральды көше бойлары мен 900-ге жуық көпқабатты тұрғын үй аулаларында санитарлық тазалық жұмыстары атқарылды.Жалпыхалықтық шараға облыс орталығында орналасқан облыстық басқармалар мен…
Дәстүрлі «Көктем аруы – 2015» байқауына қаламыздағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарынан 13 ару сынға түсті. Қатысушылар сұлулығымен қатар, бойларындағы өнерлерін паш етті. Сондай-ақ, халқымыздың салт-дәстүр, әдеп-ғұрпынан хабардар екенін көрсете білді. Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Арулар алдымен шығармашылық қабілеттерін ортаға салды. Екінші кезең сұрақ-жауапта…
Көрнекті жазушы, Шымкент қаласының, Төлеби, Қазығұрт, Мақтаарал, Сарыағаш аудандарының Құрметті азаматы Уәлихан Сүлейменұлының «Өткен өмір белестері» кітабының бірінші томы жарық көрді. «Кітап» ЖШС баспасынан шыққан еңбек Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған. Қаламгер Жеңіс үшін шайқаста қаза болған әкесі Сүлеймен Сартбайұлы туралы сыр шертеді. Болған оқиғаны…
Еңбекші ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері ауданға қарасты ҰОС 11 әйел ардагерін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады. Оларға арнайы бағалы сыйлықтар тарту етіліп, гүл дестелері берілді. «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында өткен бұл іс-шараға қалалық мәслихат депутаттары мен кәсіпкерлер демеушілік көрсетті. Ұлы Отан соғысының…
Қала әкімі Дархан Сатыбалды Халықаралық әйелдер күні қарсаңында іскер әрі көпбалалы аналардың басын қосты. Әр салада белсенді қызмет атқарған аналар мен арулардың жұмысына сәттілік тілеп, мерекесімен құттықтады. – Баршаңызды мейірімділік пен ізгіліктің, сұлулық пен жылылықтың мерекесі, төл мерекелеріңіз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Әрқайсыңыз еліміз…
«Шаңырақ, кереге, уық бiр болмаса, Туырлықты көрiнген түредi ғой»
Пятница, 13 Март 2015 04:05 Автор Сәбит ТАСТАНБЕК
Шымкентте студенттер арасында ақындар айтысы өтті Шымкенттегі іргелі білім ордаларының бірі – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай ОҚМПИ және М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті арасында командалық жекпе-жек ақындар айтысы өтті. Облысымызда тұңғыш рет өткізілген ақындар додасына ОҚМПИ…
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай облыстық опера және балет театрында «Інжу-Маржан» премьералық қойылымы өтті. Бес бірдей опера симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен сахналанды.Спектакль хандық дәуірдің шежіресімен ғана шектелмеді. «Қыз Жібек», «Абай», «Біржан -Сара» «Қамар сұлу», «Айсұлу» операларының жинақталып ұсынылуымен де ерекшеленді. Көрермен Ұлы Абайдың кемеңгерлігіне тағы бір…
Шымкентте алғаш рет бейнелеу өнері мұражайының көрмесі ашылды. Шығармашылық ұжымның еңбегі Қазақ хандығының 550 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналды. Мұражайдың қабырғаларына ілінген 300-ге жуық туынды көпшіліктің ықыласына бөленді. Ерекше маңызға ие картиналарда терең мағына, келелі ой жатыр. Суретшілер бір атаның баласындай ғұмыр…
Құрметті қыз-келіншектер, әпке-қарындастар және замандастар! Сіздерді жылы шырайлы көктемнің алғашқы күндері барша жұрттың көңілін жадырата келе жатқан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Тәуелсіз еліміздің нығайып, әлем таныған мемлекетке айналуына асыл аналарымыз, ардақты жеңгелеріміз бен апа-әпке, қарындастарымыздың өлшеусіз үлес қосқандығы ақиқат.…
Ұрпақ тәрбиелеуде өзіндік үрдісі бар қазақ халқының тәрбие мектебі отбасындағы бала тәрбиесінен «дала академиясына» дейінгі сатылардан өткендіктен, бір ғана ұлт емес, жалпы адамзат тәрбиесіне қатысты құнды қағидаттар қалыптастырғанын білеміз. Өйткені, ол – өткеннің өсиеті ғана емес, сонымен бірге сол халықтың зейін-зердесін, парасат-пайымын айғақтайтын құнды дерек,…