Жас кәсіпкерлерге несие береді

Среда, 06 Декабрь 2017 06:41

Оңтүстікте жастардың кәсіппен айналысуына мүмкіндік беретін «Жас кәсіпкер» жобасының таныстырылымы өтті. Жаңа жобаны «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы мен «Ырыс» микроқаржы ұйымы бірлесе қолға алып отыр.

– Аталған жобаның мақсаты – жастардың бизнес бастамаларын қолдап, жұмыссыздықты азайту, – дейді «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы басқарма төрағасының орынбасары Тимур Әбілдинов.

Байқауға облыстағы кез келген бизнес жобасы бар 18 бен 29 жас аралығында азаматтар қатыса алады. Өтінімдер «Ырыс» микроқаржы ұйымында сарапталып, облыс әкімдігі, «Нұр Отан» партиясы және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдерінен құралған комиссияның қарауына тапсырылады.
Конкурс 2017 жылдың желтоқсан айында өткізіледі. Жобада іріктелген 50 жобаны «Ырыс» микроқаржы ұйымы қаржыландырады. Сосын жас кәсіпкерлерге 7 пайызбен 2 миллион теңгеге дейін несие беріледі, қаржыландыру мерзімі 60 айға дейін созылады.

Қарашаңырақ қуанышы

Среда, 29 Ноябрь 2017 06:13

ОҚМПУ мерейтойында 30 ұстаз марапатталды


Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты 80 жылдық мерейтой қарсаңында университет мәртебесін алды. Үш күнге созылған мерекелік шара аясында университетте бірнеше орталықтың тұсауы кесілді.

oqmpu-94

Әсіресе, студенттердің білімімен қатар тәжірибе жинақтауға көмегі тиетін мұражай, оқу орталығы мен театр ашылды. 

Оқу ордасының мерейтойымен құттықтауға ҚР Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев, облыс әкімі Ж.Түймебаев, ҚР Парламенті Сенатының және Мәжілісінің депутаттары мен ҚР Ұлттық ғылым Академиясының академиктері, облыстық маслихат депутаттары және жоғары оқу орындарының ректорлары мен проректорлары қатысты.

Ерлан Сағадиев оқу ордасының қуанышына ортақтасып, Елбасының құттықтауын жеткізді. Аймақ басшысы зиялы, мәдени және рухани әлеуетін құрудың негізі бола білген университет күні бүгінге дейін қабілетті, бәсекелестікке алғыр жаңашыл мамандарды дайындап жатқандығын атап өтті.

Салтанатты жиында жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен, ғылым және білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен және өңірге сіңірген еңбегі үшін медалімен, облыс әкімінің грамотасымен жалпы саны 30 ұстаз марапатталды.

Сонымен қатар, мерекелік шара аясында «Өркендеген Оңтүстік» атты республикалық айтыс өтті. Аламан айтыста еліміздің түкпір-түкпірінен айтыскерлер сайысқа түсті. Қорытындысында баянауылдық Аспанбек Шұғатаев бас жүлдені иеленді, 1-орын – Қ. Абзаловқа, 2-орын – А. Қалиевке, 3-орын Н. Әнапияға бұйырды. 

Айта кетейік, бүгінде ОҚМПУ-де 300-ге жуық ұстаз қызмет етсе, 3800-ден астам студент білім алуда.

Мұрат ТАҒАЕВ, «Ордабасы құс» ЖШС директоры:


Мұрат Тағаев – Оңтүстікте күркетауық өндірісін алғаш қолға алған кәсіпкер. Іскер азамат құс етін өндіретін фабриканың жобасын бірінші болып Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа таныстырады, ал 2010 жылы сол жаңа жобаның іске асуын Президент тікелей телекөпір арқылы тамашалаған.

DSC 0110-2

2011 жылы Мемлекет басшысы өңірге сапарында аяққа тік тұрған өндіріс орнына арнайы келген болатын. Мұрат Құлмырзаұлы өндіріс саласын дамытуда Елбасымен жиі пікірлесіп тұратынын айтады. Ол өзінің тұңғыш Президент жайлы жылы лебізін былай жеткізді. 

– Елбасымен 2000 жылы «Қайнар құс» фабрикасында қызмет етіп жүргенде жүздестім. Сол жылдары еліміздің түкпір-түкпіріндегі түрлі сала өкілдерін қоғамдық қабылдауына шақыртып, сұхбаттасып, елдің жағдайымен танысатын. Әлі есімде, сол жылдың 27 шілдесінде Нұрсұлтан Әбішұлымен кездесу мүмкіндігіне ие болдым. Ол кезде облыс әкімі Бердібек Машбекұлы өңірдің дамып-өркендеуіне қажетті кейбір жағдайларды жеткізуді шегелеп, сәт-сапар тілеп шығарап салды.

Елбасымен кездесуде үлкен қобалжудың болғаны рас. Кіргенде ол кісі орнынан тұрып амандасып, жұмыс үстелінде емес, емін-еркін жағдайда сөйлескенінен қарапайымдылығын байқадым. «Ал, Мұрат, әңгімеңді бастай бер, ауылда жағдай қалай?» деп есіміммен атап сөйлесуінің өзі қобалжуымды сейілтіп, бойымда сенімділік орнатты. Ауылдың жағдайын айтып бір сағаттай әңгімелесіппіз. Ол кісі мұқият тыңдап, барлығын қойын дәптеріне түртіп отырды. Бұл жылдары елдің басында қиын-қыстау кезеңдер, «бізді үкімет асырайды» деген ойлардан арылмаған уақыт. Мұны естіген соң маған айтқаны: «Мұрат, келешекте олар да қатарға ілігеді» деді. Міне, содан бері 17 жылды артқа тастадық. Осы жылдар аралығында кәсіп істеп, елдің жағдайының жақсаруына үлес қосқан жандар саны артуда. Елбасының болашақты жақсылыққа жоруының өзі үлкен көрегенділік. Қоштасқанда «Елге сәлем айт» деді.

Бұдан кейін Елбасымен араға тоғыз жыл салып қайта қауыштық. Өңірге жасаған кезекті сапарында күркетауық өндірісін дамыту жобасымен таныстыру болғанында ол кісінің есте сақтау қабілетінің жоғары екеніне тәнті болдым. Қаншама жылдан кейін, соншама адамның арасынан мені танып, «Мұрат, енді айта бер» деген сәті еш есімнен кетпейді. Сол кезде өндірісті өркендетуді шыңына жеткізуді өзіме міндет санадым. 

DSC 0110

Айта кететіні, осы жүздесуде күркетауық өсіру және оның етін терең өңдеу кәсібін қолға алатын жобаны таныстырып, қажетті заманауи технологиялардың таңдау үлгісін баяндағанда барлығын мұқият тыңдай келе Н. Әбішұлы: «компост бола ма?» деген сауал тастады. Бұл құс саңғырығынан органикалық тыңайтқыш өндіруге бола ма дегені еді. «Фабриканы дамытудың бірінші кезеңінде етті терең өңдеуге басымдылық танытамыз, ал өндірісті дамытудың келесі кезеңінде бұл мәселені жүзеге асырамыз» деген жауабымды айттым. Қазіргі таңда құс саңғырығынан ауыл шаруашылығына қажетті тыңайтқыш дайындау ісін қолға алдық. 

Бұл тұста айтайын дегенім, Елбасының кәсіпкерлікті дамытуда бағыт-бағдар беріп, ой тастай білетіндігі және әр сала маманымен кездескенде елдің қай бағытта дамып жатқандығынан хабардар екендігі, ақпаратты толық меңгергендігі, әр саланың жетістігі мен әлемдік технологиялардың дамуындағы жаңалықтарды қалт жібермейтіндігіне куә болдым. 

2011 жылы Н. Назарбаев фабрика жұмысымен танысып, жастармен, жұмысшылармен кездесті. Бүгінде жылына 10 мың тонна күркетауық етін өндіреміз, оның 40%-ы экспортқа шығады. Тауық етінің 70-80-ге тарта түрі бар. 400-ден аса жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылған, ең көп салық төлеуші мекеме атандық. Ең үлкен бағалау – өткен жылы Президенттің «Алтын сапа» сыйлығы берілді. 

Н. Әбішұлымен бір жүздесуімізде «Күркетауық етін өздерің жей бермей, Астанаға да жіберіп отырыңдар» деп әзілдегені бар. Бұл отандық өнімді тұтынушылар еліміздің түкпір-түкпірінде көбейіпкеледі деген сөз еді. Осы мақсатта биыл «ЭКСПО - 2017» көрмесінде үш айда 500 тонна күркетауық етін жөнелттік. 

Елбасы өндірістің даму жайын жиі сұрайды. Бір ғана «Ордабасы құс» фабрикасының жағдайы емес, индустрияландыру жобасы аясында бәсекеге қабілетті сапалы өнім өндіріп келе жатқан өндірістің барлығының жағдайынан хабардар болып, қамқорлығына, қадағалауына алады. 

Шындығын айтсақ, Елбасының елдің дамуында жасап жатқан еңбегі өлшеусіз. Қазақстанның экономикалық дамуы, бүгінге күнге жеткен жетістігі, еліміздегі ынтымақ пен берекені көшбасшының сарабдал саясатымен тікелей байланыстырамын.

Ұстаздар ұстаханасына – 80 жыл

Пятница, 24 Ноябрь 2017 06:39

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік институтына – 80 жыл. Ұстаздар ұстаханасы Оңтүстікте алғаш ашылған мұғалімдер институты. Жуырда ғана университет статусын алған жоғары білім беретін оқу ордасы 80 жылдық мерейтойын республикалық деңгейде атап өтуде.

DSC 0074

Оқу ордасының үш күнге созылған (23-25 қараша) мерейтойының алғашқы күні институтта студенттердің шығармашылығын, дарынын ұштауға септігін тигізетін әдеби-мәдени бірнеше орталықтың ашылу салтанаты өтті. 

Алғашқы ашылған «Ұлттық мұра» студенттер мұражайының салтанатты лентасын институт ректоры Оңалбай Аяшев қиды. 

– Мұражайдың ашылу мақсаты – көненің көзі, ұлттық мұралар және құндылықтарымызды студенттер бойында мәңгі қалдыру. Мұнда студенттердің шығармашылық дүниелері, яғни өз қолымен дайындаған қолөнер бұйымдары қойылған. Сондай-ақ, студенттердің археологиялық қазба жұмыстары кезінде тапқан жәдігерлерін жинақтадық. Мұражайдағы ең ең құнды дүниелер – 100 жыл бұрын әжелеріміз өз қолымен тіккен ұлттық киімдер де бар. Мәселен, Орал Шағырбайқызы 1902 жылы өзі тіккен қасқыр ішікті мұражайға сыйға тартты, – дейді оқыту және бейнелеу өнері кафедрасының меңгерушісі Айдай Байбатшаева. 

DSC 0784

Жаңадан ашылған мұражайға оқытушылар мен студенттер ағаштан жасалған астау, музыкалық аспаптар, кебеже, кілем секілді өзге де 100-ге тарта көне заттар жинақтап үлгерген. Оңалбай Аяшев алдағы жылы мұражайға ауқымды орын бөлініп, онда экспонаттар саны артататын айтты. 

Бұдан кейін, ашық спорт алаңының ашылу салтанаты өтті. Бұған дейін, дене шынықтыру сабағын студенттер бас корпуста өткізіп келген. – Енді студенттер тыңғылықты спортпен айналысып, салауатты салтын ұстануына мүмкіндігі бар. Бұл жастар үшін үлкен сый болды,– деді кәсіптік шығармашылық факультетінің өкілі Шегенбай Бейсенбайұлы. 

Ал «Көркем әдебиет» орталығы өңірдегі зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен ашылды. Орталыққа институттың даму тарихында еңбегі сіңген Әзімхан Оспанұлы мен Керімбек Сыздықовтың кітаптары қойылыпты. 

Бұдан бөлек, «Сәндік өнер» орталығы, «Нұр Шаңырақ» студенттер театрының тұсауы кесілді. Сонымен қатар, білім шаңырағы ғимаратының айналасына өңірдің зиялы қауымдары, ақын-жазушылар мен оқытушылар 80 ағаш отырғызды. 

Мерейтой барысында халықаралық ғылыми-теориялық конференция, 24 қарашада сағат 15:00-де институттың мәжіліс залында «Өркендеген Оңтүстік» атты республикалық ақындар айтысы өтеді.

Үмітін үзіп келген ата-ана...

Среда, 22 Ноябрь 2017 05:44

кейде таңғажайыптың болатынына осы жерде куә болады

Шымкентте денсаулығының кемістігі бар балалармен жұмыс жасайтын оңалту орталығы бар. Орталық мамандары есту қабілеті төмен, тілінде кемістігі және тірек-қимылында қиындығы бар, церебральды сал дертіне шалдыққан балалардың денсаулығын түзету жұмысымен айналысады. Қазіргі таңда, мұнда 165 бала педагогикалық-психологиялық көмек алуда. Осылардың ішінде жыл сайын 50 бала өзі қатарлас балалармен мектеппен қауышып, білім алу мүмкіндігіне ие болады.

DSC 1515

Әр баламен жеке жұмыс жүргізіледі

Баланың денсаулығында қандай бір кінәраттың болуы әрине бірінші ата-ананың жанына батады. Оларға дер кезінде ем-домын жасап, мамандар көмек қолын созса, денсаулығын түзетуге болады. Парида Қалиева басшылық жасайтын облыстық оңалту орталығы он жылдан бері осындай ата-аналардың қуанышына куә болып, талай бүлдіршінді аяққа тұрғызған мекеме.

shymkala-92-3

– Балалар облыстық психологиялық-медициналық педагогикалық кеңес беру мекемесінің жолдамасымен 3-7 жас аралығында қабылданады. Сосын балалардың диагноздарына қарай топқа бөлінеді. Қазіргі таңда, оларға арналған 11 топтың алтауы – тіл дамыту, біреуі – есту қабілеті төмен, төртеуі – церебральды салмен ауыратын балаларға арналған. Ең алдымен балаларды орталыққа бейімдеу жұмысы жүргізіледі. Ауыр дефектілі балалармен мүміндіктеріне қарай зерделік-тұлғасын дамытуға жұмыс жасалады. Мамандар жылына үш рет топтық бағалау жүргізіп, әр балаға жеке дамыту бағдарламасын түзеді де, мүмкіндігіне қарай әрқайсысына жеке-жеке дамыту бағдарламасын жасайды. Дамыту бағдарламасы аясында түзету жұмысымен тәрбиеші, логопед, психолог-мамандар бірлесіп жұмыс жасап, оларды жыл бойына қадағалап отырады, – дейді орталық басшысы Парида Қалиева. 

DSC 1672

Емдік дене шынықтыру, педагогикалық және психологиялық яғни үш бағытта көмек берілетін мекеме заманауи жабдықтармен қамтылған. Массаж, физиотерапия бөлмелері, Монтессори кабинеті, психотерапия, логопед, спорттық-сауықтыру кабинетінде білікті мамандар жұмыс істейді. Логопед, дефектологтар Израиль, Ресейден алынған денсаулық қорғау технологиясына жататын құрылғыларды қолданудың нәтижесінде үлкен жетістіктерге жеткен.

– Жеңіс Әлменбет бізге 5 жасында келді. Бір құлағы туғаннан естімейді, екіншісінің есту қабілеті төмен. Алғаш келгенде мүлдем сөйлемейтін, тұйық болды. Жаңа құрылығылар арқылы тіл бұлшықетіне массаж жасап, үздіксіз жұмыс істеудің арқасында 10 күнде әріптерді айта бастады. Қазір айналасындағы балалармен жақсы тіл табысады, – дейді Ресейде білімін жетілдіріп келген дефектолог Сәуле Мұсалықызы.

Бұл бір ғана мысал. Оңалту орталығының он жылға жуық тарихында сөйлей алмайтын, тұтықпа дертіне шалдыққандар, мүлдем естімейтіндер педагогикалық-психолгиялық емнен кейін сауығып кеткен. Аутизмнің алғашқы сатысындағылар, трек-қимыл кеселінде, салмен ауырған балғындарда өмірге икемділік артқан.

DSC 1639

Парида Қалиева «бір баланың денсаулығы жақсарып, мектепте білімін жалғастырса, мамандардың еңбегінің ақталғаны, бұл біз үшін үлкен жетістік», – дейді. Сондықтан, оңалту орталығы педагогтары балалардың танымдық қабілеттерін арттыру, қимылдарын жетілдіру, ақыл-ойын қалыптастыру, белсенді болуға, шығармашылық қиялығын дамытуда заманауи құрылғыларды пайдалана отырып, оқыту тәсілдерін әрдайым жаңартып отырады.

Бұдан бөлек, мекемеде балалардың өй-өрісін дамытуға мүмкіндігінше қолайлы жағдай жасалғаны байқалады. – Бала орталық ғимаратына таңертең кіргеннен безендірудің өзінен ерекше әсер алады. Қабырғадағы ертегі кейіпкерлері, өсімдіктер мен жануарлар әлемінен үзік суреттер білім мен ұғымының көкжиегін кеңейтеді, – дейді сала мамандары.

DSC 1645

Ата-ана балаға уақыт бөлмейді

Ресми ақпаратқа сүйенсек, өңірде 36 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі бала бар. Олардың 3,5 мыңға жуығында тілінде мүкістігі бар. Орталықта бейімдеуден өтіп жатқан балалардың басым бөлігінде ата-аналары тіл кемістігінен көмек сұрап келген.

– Үш жасқа дейін бала сөйлемесе немесе одан кейін әріптерді дұрыс айта алмаса, «еркеліктен» деп жүре беруге болмайды. Құлақтың естімеуі мен қарапайым «р» әрпін баланың айта алмауы уақыт өте келе психологиясына кері әсер етеді. Ата-ана баласының дамуы кезінде әрбір қимыл-қозғалысын бақылап отыруы тиіс. Қазір технология, оқытудың озық әдіс-тәсілдері және мамандардың үздіксіз еңбегі арқылы кемшіліктермен дер кезінде түзету жұмысын жүргізуге болады, – дейді мекеме басшысы.

DSC 1600

«Мүлдем сөйлемеу, кеш сөйлеу, әріптерді айта алмау және тұтықпа секілді дертпен ауыратын балалардың санының көбеюіне не себеп?» деген сауалға Парида Қалиеваның айтар уәжі бар. Оның сөзінше, әйелдердің жүктілік кезіндегі денсаулығына күтіммен қарамауы, экология, отбасындағы келеңсіз жағдайлар, ата-аналардың ұл-қыздарына көңіл бөлмеуі, тіпті теледидар, компьютер, ұялы телефонның зияндылығы бар дегенді алға тартты.

– Қазіргі ата-аналар балаларымен аз сөйлеседі, жұмыстың көптігін алға тартып, олармен бірге уақыт өткізбейді. Содан баланың сөйлеуге бейімділігі төмендейді. Осы мәселемен баласын орталыққа әкелген ата-аналармен бірінші кезекте бірге жұмыс істейміз. Кейде балғындарды ата-әжесі алып келіп, қамқор болып жатады. Дегенмен, ата-ана баласының сауығып кеткенін қаласа, олардың жанында көбірек бірге болғаны дұрыс екендігін түсіндіреміз. Бұл біздегі жұмыс істеудегі ерекшеліктің бірі, – деді басшы.

Балаларды оңалту орталығында «Ата-аналар мектебі» ашылған. Мұнда кез келген уақытта әке-шешесі оңалту шараларының барлығына қатысуына болады. Парида Қалиева бүгінгі таңда, ата-аналар орталықта өтетін семинар, тренинг, шығармашылық көрмелер, кеңес, тіпті мерекелердің өзінде белсенді. Сондықтан нәтижеге қол жеткізуіміздің бір сыры – ата-анамен тығыз жұмыс жасайтындығымызда дегенді баса айтты. 

Жыл сайын оқу жылы аяқталғанда 50-ге тарта бала мектепке баруға дайын болады. Үмітін үзіп келген ата-ана таңғажайыптың болатындығына кейде осы жерде куә болады. Өйткені, мұнда қызмет ететін мамандардың кәсібилігі, еңбек етудегі жанкештілігі талай отбасын қуанышқа бөледі.

Айпар АМАНГЕЛДИЕВА, 
Шымкент қалалық  мемлекеттік архив басшысы:

21231272 126128898038471 7276850455318532763 n

Шымкент қалалық архивінде 1933-1941 жылдар аралығында латын қарпімен жазылған құжаттар қоры сақтаулы. Облыстағы білім саласының іс жүргізу құжаттары, облыстық мемлекеттік архивтергі жиналыстар хаттамасы, ауыл советінің шаруашылық кітаптары секілді том-том сарғыш тартқан кітаптар тарихтан сыр шертеді. Жуырда қалалық архив сөресі 1928-1940 жылдар аралығындағы қазақ елінің латындандыру кезеңіндегі ҚР Президенті архивінен алынған маңызды құжаттарымен толыққан. Шымкент қалалық мемлекеттік архив басшысы Айпар Амангелдиевамен әңгімеміз мұрағатта латын қарпімен сақталған маңызды құжаттар төңірегінде өрбіді.

– Айпар Шажалықызы, латын қарпінің жаңа нұсқасына қатысты қоғамда түрлі пікірлер айтылуда. Сөзіңіздің басында «90 жыл бұрын ұлтымыз осындай тарихи таңдауды басынан кешті» дедіңіз. Бұл тұрғыдан қалалық архивте қандай құнды деректер бар?

22788777 137592986892062 8782330351714753733 n

– Қазақ ұлты тұғырлы тіліне байланысты тағы бір тарихи шешімді қабылдаған соң, латын әліпбиінің жаңа нұсқасына пікір айтушылар көбейді. Әсіресе, тіл мамандары, қайраткерлер, ұлт жанашырлары мен бұқара халық өз пайымдарын айтып, тілдің болашағына алаңдаушылық білдіруде. Расында, тарих деректеріне қарап, дәл осындай тарихи таңдауды 90 жыл бұрын халқымыз басынан кешкенін байқаймыз. Оны растайтын құнды дүниелерді ҚР Президенті мұрағатынан арнайы алдырдық. 

1928-1940 жылдар аралығындағы қазақ елінің латынға өткен кезеңіндегі ҚР Президенті архивінен алынған маңызды құжаттарды зерделеп, халыққа қажетті тұстарын түсіндіріп-насихаттап жатырмыз.
1928-1940 жылдардағы қолданыста латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі болды, ол КСРО-ның басқа да түркі халықтарының әліпбиін латындандыруымен қатар әзірленіп, қабылданды. Сол кезде тілдің жаңа нұсқасына қолдау білдіретін қоғамдар құрылып, зиялылар, сауаты бар азаматтар жиындар, пікірталастар өткізген.

Деректерге шолу жасағанда араб әліпбиінен латынға көшу мәселелері еліміздің ұлтжанды, зиялы азаматтары тарапынан көптеп талқыланып, аса үлкен қиындықтармен іске асқандығын көре аламыз. Мәселен, 1928 жылы Қызылорда қаласында арнайы «Жаңа әліпбишілер қоғамы» құрылғаны туралы дерек бар. Қоғамдастықтың жарғысы, мақсаты мен құқықтары және міндеттері туралы құжаттар толық сақталған. Атап өтерлігі, қоғамның жарғысындағы талаптар өте сауатты жазылған. Қоғамның өлкелік конференциясының бірінде НКА Орталық Комитетінің Төрағасы Н.Нұрмақов «Жаңа латын әліпбиі – Қазақстандағы революция. Тезірек жүзеге асыру үшін жұмыстың революциялық әдісін қолдану керек. Жаңа әліпбиді жаңа іс ретінде жүзеге асыру үлкен қиындықтармен ұласады, сондықтан еңбекшілердің барлығын жұмылдыру қажет деп» атап өткен.

23634825 588626564803071 1417370733 n

Сонымен бірге 1926 жылы 10 желтоқсанда «Қазақ жазуын латындандыру туралы» дискуссияда сөз алған Т. Байдилдин деген азамат қолданыстағы араб альфавитін латын жазуымен алмастыру мәселесі бұдан 60-65 жыл бұрын Әзірбайжанның ғалымы Мырза-Фатали Ахундовтың тарапынан көтерілгендігін айтады. Бірақ ол патшалық режимнің кесірінен қолдау таппағанын баяндаған.

– Қазір бірнешеуін ғана мысалға келтірдіңіз, архив құжаттарын толықтай саралағанда қандай дүниелерді бөле-жара айтар едіңіз?

– Құжаттарды қарап отырып, пікірталасушылар араб пен латын әрпінің ара-жігін ажыратып, тиімділігі мен қиындығын тайға таңба басқандай етіп түсіндірген. Айталық, араб әрпінің техникалық тұрғыда, геометрия, алгебра, химия, физика, музыка пәндеріндегі тиімсіз тұстарын жіктеп айтып берген.

23666437 588626554803072 1867840700 nЖалпы, архив құжаттарынан аңғарылатыны – ел азаматтары ұлт үшін, оның тілі, сауаттылығы үшін күн-түн демей еңбектенген. Әрине, бұл құжаттар олардың жұмыстарының бір бөлігі ғана екені даусыз. Тағы бір көңілге қуаныш ұялататыны - 1928 жылы 9-12 желтоқсанда Қызылорда қаласында өткен «Жаңа әліпбишілер» жақтастарының бірінші өлкелік конференциясында жаңа әліпбиді латын әліпбиі емес, «Қазақ әліпбиі» деп атауы.
Қазіргі таңда қазақ әліпбиінің қиындығын айтып жатқандар баршылық. Өткен ғасырға шегініс жасағанда халқымыз қиын жылдарда латын қарпін қабылдап, сауат ашып, 10 жылдан астам уақыт ұлтымыз жазып-оқыды. Сондықтан бүгінде технология қарыштаған заманда латын графикасының қазақ әліпбиін меңгеруде қиындық болмайтынына сенемін.

– Қалалық архивте латын қарпі енгізілген жылдардағы құжаттар қоры сақталған ба?

– 1933-1941 жылдар аралығындағы білім саласындағы ісқағаздар, Созақ аудандық атқару комитетінің жиналысы хаттамасы, Қызылқұм ауданы Жаңа Шардара ауыл советінің шаруашылық кітабы, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 1937-1941 жылдардағы тігінділері бар. Н. Назарбаевтың «»Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарын насихаттау мақсатында облыстық, Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің қорларында сақтаулы тұрған, латын қарпінде жазылған әртүрлі нысандағы құжаттардың көрмесін ұйымдастырдық. Көрме облыстық мұражайда, кітапхана, мектептерде өтіп, қатысушылар латын қарпіндегі құжаттармен танысты. Онда мекеме қызметкерлері, мектеп оқушыларының көрмедегі тарихи дүниелерге қызығушылығы көп болды, сол кезде қабылданған латын альфавитімен сөздер құрастырып, тіпті көбісі еркін оқып-түсініп жатты.

– Әңгімеңізге рахмет!

Белгілі қоғам қайраткері Қуаныш Айтаханов – 70 жаста. Оңтүстік өңірі ғана емес, Қазақстанның даму тарихында есімі ерекше аталатын тұлғаның жүріп өткен жолы өнегеге толы. Жетпіс жылдық ғұмырында – Қуаныш Айтаханов жастарды, партияны, ауданды да басқарды, Сенаторлыққа көтерілді. Әр аймақта Айтахановтың қалдырған өз қолтаңбасы мен ізі бар.

nemereler

Бала Қуаныш...

Бала Қуаныш мектеп қабырғасында жүргеннің өзінде зерек, білімпаз болып өсті. Пионер ұйымында отряд кеңесінің төрағасы, 6 сыныптан пионерлердің дружина советінің төрағасы болды. Жігері жалын жеткіншектің қаламынан шыққан туындылары аудандық газетте жиі жарияланатын. Бұл қиялы ұшқыр Қуаныштың журналист болам деген арманына қанат бітіріп, болашақ мамандығына таңдау жасап қойған-тын. «Кеңес» атындағы 7 жылдық мектепті үздік бітірген жылы анасы Омарбекова Айжамал Момбек келіні кенеттен қайтыс болып, тағдыр оның жолын өзге арнаға бұрады. Туыстарының «ертерек жоғары білім алып, шаңырағыңа ие болғаның дұрыс» деген ақылын мақұл көрген ол Жамбыл зоотехникалық-малдәрігерлік техникумына түседі. Оны үздік бітіріп, туған өлкеге оралып, веттехник болып қызмет атқарады. 1970 жылы Скрябин атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді Мәскеу Ветеринария Академиясын қызыл дипломмен тәмамдайды.

aizhan omirzhan

Студенттік шақ...

Қуаныш Айтаханов техникумда, Ветеринария Академиясында үздік оқумен қатар қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, техникум комсомол комитетінің бюро мүшесі, хатшысы, аудандық комсомол комитеті құқы бар Академия комсомол комитетінің бюро мүшесі, хатшысының орынбасары қызметтерін атқарып, студент жастардың көшбасшысы қатарында жүрді. Академияның комсомол комитетінде идеология саласы мен шетел студенттерімен жұмыс істейтін секторға басшылық жасады.

Алғырлық, білімге құштарлық, еңбекқорлық студентті сол кездің өзінде биік белестерге жеткізді. Ол үздік оқумен қатар ғылыми жұмыстарымен айналысып, 1967 жылы Мәскеу қаласының Жданов аудандық партия комитеті бюросынның шешімен КПСС-қа мүше болып өтті. Ол кезде КПСС қатарына студент-жастардың өтуі өте қиын болатын. Академияда комсомол комитетіндегі белсенді қызметтері үшін Мәскеу қаласы комсомол комитетінің грамотасымен марапатталды. Ол оқып жүргенде Мәскеуде оқитын қазақтардың басын қосып, «Арман» деген ұйым құруға атсалысты. Мұндағы мақсат – әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, Мәскеудегі қазақстандық жастардың басын қосып тұру еді.

 

Ғани Мұратбаевтың рухын тірілтті

Айтаханов жетекшілік жасайтын «Арман» ұйымы небәрі 24 жасында жастардың коммунистік интернационалын басқарып жүріп, 1925 жылы Мәскеуде қайтыс болған қазақ халқының аяулы перзенті Ғани Мұратбаевтың жерленген жерін іздеуге кіріседі. Аласапыран заманда көз жұмған жастар көсемінің рухына тәу етіп, басына ескерткіш орнатсақ деген ойда болады. Ол кезде Ғани Мұратбаевпен қызметтес болған адамдардың, комсомол ардагерлердің қатары аз еді. Соларды тауып, зиратқа келгенде тіпті төмпешік те жоқ, тегістеліп кеткенін көреді. Көрнекті қайраткердің ұмыт қалдырылуы жанына батқан жастар ақылдаса келе тиісті орындарға хабарласып, мәселе көтереді.
Қазақстан комсомолы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Өзбекәлі Жәнібековтің алдына жеткен мәселеден нәтиже шығып, 1971 жылы Ғани Мұратбаевтың басына ескерткіш қойылады.

 

shymkala-6Мәскеуде өткен той

Есімі елге танымал Қуаныш Айтахановтың жары Айман Мағзиқызымен танысып, тойының Мәскеуде өтуінің қызықты тарихы бар. 

– Құдай қосқан қосағым Айманмен 1967 жылы таныстық, оқуға Павлодардан келіпті. Көпбалалы отбасында тәрбиеленген. Ол 1 курсқа келгенде, мен 2 курста оқитынмын. Содан төрт жылдай бірге оқып жүріп, үйлендік. Мәскеуде төрт жыл жүріп, бір-бірімізді терең зерттеп, түсінісіп, соңы үлкен махаббат сезіміне ұласып, ауылға келдік. Айманның туған күні 1 мамыр, сол туған күнге қарсы сыйлық ретінде той жасадық. Тойдан кейін 2 мамыр күні Мәскеуге ұшып кеттік. 

Мәскеуде бірге оқыған курстастарымыз, жора-жолдастарымыз той жасаңдар деп қолқалайды. Тіпті өздері тойдың ақшасын да жинап қойыпты. Ал енді той жасайтын орын таба алсақшы. Бүкіл Мәскеу бойынша бірде-бір асхана не мейрамхана қуанышымызды атап өтуге келіспейді. Мұның да өзіндік себебі бар. Сол жылы 22 сәуірде Лениннің 100 жылдығы бүкіл Одақ бойынша үлкен мерекеге ұласқан болатын. Бұл мерекеге әлем елдерінің басшылары мен коммунистік қозғалыстың басшылары жиналған. Соған байланысты Мәскеу қалалық атқару комитеті Лениннің 100 жылдығын мерекелеудің алды-артында Мәскеудің асханалары мен мейрамханаларында басқадай жиын-тойлар өткізілмесін деген шешім шығарған. 

Сонымен не керек, Мәскеумен шекаралас, шамамен алты шақырымдай жерде Люберецк деген қала бар еді, сол жерде бір асхананы жалдап, тойымызды сонда өткіздік, – деп өткенін жымия еске алды.

 

Туған өлкеге қызмет

nagradalar

1970-1973 жылдар Қуаныш Айтаханұлы бұрынғы Алғабас ауданының ХХІІ-партсъезд атындағы кеңшардың бас мал дәрігері болып қызмет атқарды. 1973 жылы наурызында Шымкент облыстық партия комитетіне нұсқаушы, осы жылдың маусым айында Шымкент облыстық комсомол комитетінің ІІ-хатшысы болып сайланады, ал 1983 жылы Алматы жоғары партия мектебін политолог мамандығы бойынша үздік бітіреді. 1975 жылы партия хатшысы Қазығұрт аудандық партия комитетінің 2 хатшысы болып сайланғанда 28 жастағы жігіт еді. Айтахановтың тәуелсіздік жылдарға дейін дейін Шардара, Қазығұрт, Арыс аудандарын басқарудағы еңбегінің өзі бір дастан.

1991 жылы Коммунистік партия тараған кезде ол Арыс қалалық кеңесінің төрағасы, Арыс қаласының бірінші әкімі болып қызмет атқарды. Қуаныш Айтахан-ұлы Хрущевтің солақай саясаты кезінде 1962 жылы тарап кеткен Арыс ауданын 26 жыл өткеннен кейін 1988 жылы қайта құрып, оның әлеуметтік, экономикалық, мәдени-тұрмыстық жағдайын көтеруге үлкен үлес қосты. Арыста жүргенде ел басқарудың қазақы рәсімін қайта жаңғыртуға барынша күш салып, ауыл биі, төбе би деген сияқты институттар енгізеді. 1993 жылы аудан әкімі облыс әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалады.

 

Сергек сенатор

shymkala-7

1990 жылы наурыз айында өткен 12-ші шақырылған Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің сайлауында Қ.Айтаханов Арыс ауданы сайлау округі бойынша Жоғарғы Кеңеске депутат болып сайланады. Бұл сайлау республика тарихындағы алғашқы баламалы сайлау болды. 12-ші шақырылған Қазақ ССР жоғарғы кеңесінің депутаттық корпусының жұмыс істеп, өмір сүрген уақытының өзі тарихи кезең болды. Республикадағы күрмеуі көп, күрделі оқиғалар осы кезеңмен тұспа-тұс келді. Атап айтқанда, Жоғарғы Кеңес Одақ құрамындағы Қазақстанның Егемендігі декларациясын қабылдады. Содан кейін араға бір жыл екі айға жетер-жетпес уақыт салып, 1991 жылы 16 желтоқсанда «ҚР Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңды қабылдау да осы Жоғарғы Кеңестің еншісіне тиді. 1993 жылы Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды. 

Қуаныш Айтаханұлы бастаған бір топ Жоғарғы Кеңес депутаттарының бастамасымен, тікелей араласуымен Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара, Арыс, Отырар, Түркістан, Созақ аудандары Арал теңізінің экологиялық апатты аймақ болып қабылданған заңға енгізіліп, бұл аудандар апат алдындағы аймақ болып айқындалып, нәтижеде бұл өңірдің тұрғындарының еңбекақы мен зейнетақысына 20% қосымша үстеме қосылды, зейнеткерлікке шығу жасының 5 жылға қысқартылды және т.б. көптеген әлеуметтік жеңілдіктерге ие болды. 

1990 жылы білікті әрі тәжірибелі азамат Созақ, 1999-2003 жылдары Сайрам, 2003-2005 жылдары өзінің туып-өскен тарихи отаны Отырар аудандарының әкімі болып қызмет етеді. 

Қуаныш Айтаханұлы 2005 жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланып, 2011 жылдың тамызында Парламент Сенатының депутаты болып қайта сайланды. 

Қ.Айтаханов палатаның және палаталардың бірлескен отырыстарында заң жобаларын талқылау барысында Үкімет басшысы мен мүшелеріне 176 рет сұрақ қойып, 142 заң жобалары бойынша сөз сөйлеп, өз ұсыныстарын айтты. 34 рет заң жобалары мен Парламенттің тыңдауларында, дөңгелек үстелдерде баяндамашы болды.

Қуаныш Айтаханұлы жұбайы Айман Мағзиқызы екеуі үш ұл-қыз тәрбиелеп, олардан немерелер сүйіп отырған үлгілі отбасы. Қызы Айгүл – тұрмыста, дәрігер, 4 перзенттің анасы. Үлкен ұлы Ерлан – Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген, экономист, экономика ғылымдарының кандидаты, Отырар ауданының әкімі. Екінші ұлы Нұрлан – заңгер, Лондон қаласында халықаралық құқық компаниясында жұмыс істейді. Балдай тәтті немерелері университет, мектептерде оқиды, балабақшада тәрбиеленуде.

Елге аянбай еңбек еткен Қуаныш Айтаханов жүріп өткен жолын тарызылай қарағанда жүрек тыныштығын сезінеді. Өйткені, оның қалдырған ізі тарихтың үлкен белестерінде, халқының жүрегінде мәңгілік сайрап тұр.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында студенттер кешкі уақытта дәріс алады. Жастар еңбекке араласа жүріп, болашақ мамандығын иегеруге дайындық жүргізеді. Яғни, білім алудың жаңа формасында оқуды жұмыстан босамай-ақ жалғастыруына болады. 80 жылдық тарихы бар институттағы жаңадан құрылған кешкі оқыту және дайындық факультетінің алғашқы 70 түлегі биыл ҰБТ-те жоғары көрсеткіш көрсетіп, еліміздегі  жоғары оқу орындарында тегін оқуға мүмкіндік алған.

23316333 1506450836106098 6232412293738111021 n

Оқытудың жаңа формасы

Кешкі оқыту деп аталатын бұл факультетте білім алып жатқан жастар тыңдаушылар деп аталады. Тыңдаушылар институттың аудитория партасына кешкі сағат 19.30 отырып, 22.00-ге дейін оқытушылардан дәріс тыңдайды. 

Бұл ұлттық бірыңғай сынақтан сүрініп, жоғары балл жинауға мүмкіндігі болмаған, кәсіптік білім және колледжден кейін білімін жоғары оқу орындарында жалғастыруға ниет білдірген жастарды қолдауға арналған оқыту формасы. 

– Елімізде жастарға оқуға, ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға мүмкіндіктер мол. Бұл үшін көптеген бағдарламалар қабылданып, мемлекеттік білім грант саны жылдан-жылға артуда. Оған дәлел ретінде институттан ашылған оқытудың жаңа формасын атап өтуге болады. Оқу ордасының ректоры Оңалбай Аяшевтың бастамасымен ашылған факультетте студенттердің оқу қабілеті, білім, таным ерекшелігін арттыруды мақсат еткен. Мұнда 31 мамандық бойынша тыңдаушылардың сапалы білім алуына дайындық жүргізіледі. Физика, математика, химия, информатика бойынша ҰБТ-ке дайындап, музыка, бейнелеу өнері секілді қосымша шығармашылық ізденісін арттыруға күш саламыз, – дейді ОҚМПИ кешкі оқыту және дайындық факультетінің деканы Гүлжайна Байқонысқызы. 

18301456 1329040733847110 6476582653165200705 n

Факультет басшысы кешкі оқудың жастарға мынадай тиімді тұстарын атап өтті. Еңбегін біліммен ұштастырады, бір жылдық курста тегін білім алады және оларға шәкіртақы тағайындалады. Оқуға еліміздің ғана емес, Қытай, Өзбекстан секілді Қазақстанда жоғары білім алғысы келетін қазақ жастары тартылған. 

2017-2018 оқу жылында талап білдіргендер арасынан арнайы құрылған комиссия 104-ін тест арқылы іріктеп алған. Олардың 64-і тілдік дайындық курсына қабылданған, ал қалған 40 шетелдік қазақ тыңдаушысы қазақ тілін меңгеруде.

 

Болашақ үш тілді мамандар дайындайды

Білім реформасына сай, 2019 жылға қарай елімізде мектептерде жаратылыс тану пәнін ұстаздар үш тілде өтеді. Дәл бүгінгі таңда білім ордаларындағы физика, химия, биология, информатика пәндері мұғалімдерінің ағылшын тілін меңгеруіне мемлекет күш салуда. Кешкі оқыту факультетіне осы үш тілді меңгеретін педагог мамандарды даярлау міндеті де жүктелген.

23435354 584018418597219 342811794 n

– Студенттерді физика, химия, биология, информатика пәні бойынша ұлттық тестке дайындаумен қатар,жаңаша ғылым мен технологияның жетістіктерін пайдалана отырып ағылшын тілін үйренеді. Олар жоғарғы оқу орнына түскенде жан-жақты білімімен барады. Алғаш дайындаған 70 тыңдаушының барлығы қазір мемлекеттік грант есебінен білім алып жатыр. Мұның барлығы оқытушылардың еңбегі, талапшылдығы, білімге құштар жастардың зейін-парасатын тани білуінің нәтижесінде деп ойлаймын,– дейді Гүлжайна Байқонысқызы. 

Айта кетерлігі, тыңдаушылардың ұстаздарға деген құрметі ерекше екен. Студенттермен әңгіме барысында Гүлфайра Исабекова (орыс тілі), Әйгерім Есіркепова (ағылшын тілі), Асхат Ниязмбетов (математика), Бағдат Абдукадыров (физика) секілді білікті ұстаздардың білім берудегі тәсілдерін ықыласпен атап өтті.

 

Тыңдаушылар белсенді

Кешкі бөлім тыңдаушылары институт төңірегінде өтетін іс-шаралардан шет қалмайды. Барлық шарада олар белсенді, – дейді басшы. Жуырда тыңдаушылар «Туған жер» бағдарламасы аясында Оңтүстіктің киелі-тарихи орындарына саяхаттап қайтқан. 

Аружан Босынбекова болашақ мамандығын ұстаздықпен байланыстырғысы келетін тыңдаушы.

– Қазіргі таңда жаратылыс тану пәндерін мұғалімдерге үш тілде өту міндеті жүктеліп отыр. Егер тілді білсем сұранысқа ие маман болатыныма сенімдімін. Сондықтан ағылшын тіліне басымдылық танытып жүрмін. 

Институтта оқытушылар құрамының біліктілігін алғашқы түлектерден естіп, осында сынақ тапсырып, өттім. Қазір мектеп бітірушілер ұлттық тестке дайындық алдында жаратылыс тану пәндерін ақылы түрде қосымша оқиды. Ал мұнда тегін. Сондықтан білікті ұстаздардан мүмкіндігінше үйреніп, дамытуға тырысып жатамыз. Оқу ордасынан алған білімімізді еліміздің дамуына жұмсап, сенім білдірген жандардың үмітін ақтаймыз, – дейді тыңдаушы Аружан. 

Енді ғана жұмысын бастаған кешкі оқыту және дайындық факультетінің алған қойған мақсаттары көп. 

– Қолөнер бұйымдарын жасайтын, ән-биге жақын жастарды жинақтап, үйірме ашуды мақсат етіп отырмыз. Бұл кейбір тыңдаушылардың күндізгі уақытта еңбектенуіне, болашақ мамандығының қыр-сырын үйренуіне, кәсіппен айналысуына мүмкіндік жасайды. Егер тыңдаушы болашақта бейнелеу өнері және сызу пәнін таңдап, бір жыл уақытында шеберлігін шыңдаса, өмірде ұтары көп боларына сенімдімін, – дейді Гүлжайна Байқонысқызы.

Оқу ордасындағы кешкі оқыту және дайындық факультеті өңірімізде алғаш ашылған саланың бірі. Әзірге республикада жоғарғы оқу орнына түсуге тегін дайындайтын курсты өзге жоғарғы оқу орындары қолға алмаған. Сондықтан бұл жастардың білім алуына – мемлекет тарапынан жасалған үлкен көмек.

23231575 1506451806106001 2608014267918426990 n

ОҚМПИ-ға – 80 жыл

ОҚМПИ – тарихы терең шежірелі шаңырақ. Ол 1937 жылы Оңтүстікте алғаш ашылған екі жылдық мұғалімдер институты. 1993 жылы Шымкент педагогикалық институты Түркістан қаласында жаңадан ашылған Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ құрамына кірді. 2011 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты қайта ашылды. Осы уақыт аралығында еліміздің сол кезеңдегі маңдай алды алғашқы зиялылары, ғалым ұстаздары еңбек еткен қасиетті де киелі қара шаңырақ тек облыс көлемінде ғана емес, республикамыздың басқа да аймақтары үшін мыңдаған білікті маман педагогтарды даярлап шығарды. Осы институт қабырғасынан өмірге жолдама алған сан мыңдаған ұстаздар – ғылым, білім, өнер, спорт салаларында қажырлы еңбек етіп жүр.

Страница 28 из 32