Бас жүлде Айбек Қалиевке бұйырды Елімізге танымал жыр жүйріктері Шымкентте бас қосты. «Шырайлы, шежірелі, құтты мекен» атты республикалық ақындар айтысы облыстық опера және балет театрында өтті. Аламан айтыс «Нұр Отан» партиясының 15 жылдығына арналды. Дүбірлі додаға ат арытып келген батыс пен шығыстың, оңтүстік пен солтүстіктің…
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар, байыпты бастамалар жер-жерде өтіп жатыр. Облыстық филармонияда басталған ардагерлер арасындағы «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер» облыстық фестивалінің жастарға берер тағылымы мол. Патриоттық әндерге сусаған қала тұрғындары таңертеңнен облыстық филармонияға жиылды. 40- жылдардағы өршіл рухты әуендерді есіте бермейтініміз анық. Түрлі…
Шымкентте биылғы «Қала күні» мерекесі ерекше аталып өтті. Сегіз күнге жалғасқан думанды мерекенің әрбір күніне атау қойылып, қала аумағында түрлi iс-шаралар ұйымдастырылды. Шуағын шашқан шырайлы Шымшаһардың соңғы қорытынды мерекелік күні Әл-Фараби алаңындағы гала-концертпен түйінделді. Кең алаңқайда ұйымдастырылған концертте қала әкiмi Дархан Сатыбалды…
Оқушылар қолөнерімен айшықталды Қала күніне орай 500 оқушы «Жас Ұлан» ұйымына қабылданды. Тәуелсіздік саябағында өткен шараға қала әкімінің орынбасары Б. Нарымбетов, қалалық мәслихаттың депутаттары, еңбек ардагерлері, мектеп басшылары және ата-аналар қатысты. Халық қалаулылары жасұландықтарға галстуктер мен төсбелгілерін тақты. Қала әкімінің орынбасары үздік оқушыларды ұйымға қабылдануымен…
Шымкент– тек шымқалалықтардың ғана сүйікті қаласы емес. Еліміздің әр өңіріндегі тұрғындар үшін де келбеті келісті шаһар. Содан болар, әр қазақтың баласына Шымқала ыстық. Күн сайын жаңарып келе жатқан қаланы жырламаған ақын, әуенге қоспаған сазгер жоқ шығар?! Десе де, шырайлы шаһарға арналған әндердің бәрі хит болып…
Қала күніне орай Шымкентте «Жаңа дәуір» қоғамдық бірлестігі мен ҚР Журналистер Одағы ОҚО филиалының ұйымдастыруымен БАҚ өкілдері арасында «Еңбекқор» атты шығармашылық байқауы өтті. Аталған шара қаланың көркеюіне үлес қосып жүрген түрлі саладағы еңбек адамын дәріптеуге, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыруға арналды. Шығармашылық байқауға қатысқан жергілікті бұқаралық…
«Шымкенттiң көне қала екенiн айғақтайтын жәдiгерлер жетерлiк»
Пятница, 10 Октябрь 2014 11:09 Автор Редакция
Белгілі ғалым, тарихшы Ә. Марғұлан атындағы археология институтының директоры Бауыржан Байтанаевтың есімі жұртшылыққа кеңінен таныс. Ол Шымкент шаһарының тарихын індете зерттеп жүрген білікті маман. Археологиялық қазба жұмыстарға сүйене отырып қаламыздың жасы 2200 жыл екендігін анықтаған да осы ғалым. Оның ескі қаланың тарихына қатысты тың деректері, дәлел-дәйектері…
Серік ЖАНӘБІЛ,Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Күз түсті. Жол бойын сарғыш тартқан жапырақтар жауып жатыр. Күздің салқын жаңбыры түнімен жауып, таң алдында тоқтады. Аспанды торлаған қара бұлттар батысқа қарай жөңкіле көшеді. Көштің алдын құстар бастайды. Қарлығаштар қанаттарын қағып, Шымкент қаласын сан мәрте айналып ұшып, балапандарын соңынан…
Қала күні мерекесінде «Таза ниетпен, таза қалаға» атты байқауы қорытындыланады. Осыған орай, Шымкент қаласы әкімдігінде байқау қорытындысын шығару мақсатында комиссия мүшелерінің мәжілісі өтті. Мәжілісті қала басшысының орынбасары Б. Нарымбетов жүргізді. Аудан әкімдері аппараты жанынан құрылған жұмысшы топ атқарылған жұмыстары мен ұсыныстарын баяндады. Сөз алған Абай…
Париж десе ең алдымен көк аспанмен таласқан Эйфель мұнарасы, Лондон десе әлемге әйгілі Биг-бен сағаты бірден көз алдымызға келеді. Сол секілді Астана десе шұғылалы «Бәйтерек» монументі, Алматы десе «Тәуелсіздік» монументі немесе дәмі тіл үйірген апорт алмасы ойымызға оралады. Шындығына келгенде, жоғарыдағы атаулар бүгінде аталған қалалардың…